Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Киім бутигінен тауар ұрлаған ақтөбелік әйел ұсталды

Ақтөбелік әйел сауда үйіндегі бутиктен әйел тауарларын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілде мен 6 тамыз аралығында белгісіз адам сауда үйіндегі бутиктердің бірінде үш ұрлық жасаған. Күдікті сауда үйінің жоғарғы саңылауынан бутикке кіріп, заттарды ұрлап кеткен. Осылайша, осы кезеңде 56 жастағы ақтөбелік бутиктің иесіне тиесілі 400 мың теңгеден астам сомаға пальто мен көйлектер ұрлаған.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру