Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлермен 13 құқық бұзушылық анықталды

Қызылордалық полицейлермен «Дәрмек» жедел – профилактикалық шарасы барысында 13 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 0307 тамыз күндері аралығында облыс көлемінде «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

«Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жедел-профилактикалық іс-шарасының бес күнінде 13 құқық бұзушылық анықталды.

Іс-шара кезінде  Қызылорда облысы көлемінде орналасқан есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларының заңды айналымына байланысты 77 дәріхана, 19 емдеу орындары, 28 қоймалар сақталуы, техникалық нығайтылу жағдайы тексерілді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың төрт дерегі және Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың төрт дерегі анықталды.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 303-бабында көзделген теріс қылықтардың бір дерегі, яғни есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сақтайтын бөлменің талаптарының бұзылғандығы анықталды. Бұл дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру