Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін»: Шымкент полицейлері сериялық алаяқты ұстады

Шымкент полицейлері сериялық алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілдеде Шымкент қаласының Полиция департаментінің Қаратау аудандық Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.

Онда 2019 жылдың сәуір айында А. есімді азаматша «мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін» деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 2,5 миллион теңге ақшасын алғанын көрсеткен.
Одан бөлек осы азаматшаға қатысты полицияға тағы да 14 тұрғын арызданған. Күдікті азаматша «мемлекет тарапынан үй алып беремін» деп алаяқтық жолмен қала тұрғындарынан қомақты соммада ақша алғаны анықталған.

Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1960 жылы туған әйел күдікті ретінде Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау түріндегі қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру