Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелді алдаған шымкенттік ұсталды

Шымкентте ер адам әйел адамды алдап, заңсыз ақшасын иеленіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамызда Шымкент қаласының Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны Г. есімді азаматша арызданған. Онда Ж. есімді азамат “пәтер алуға кезекке тұрғызып беремін” деп алаяқтық жолмен 80 мың теңге ақшасын алып кеткенін көрсеткен.

Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1983 жылы туған ер адам күдікті ретінде Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау түріндегі қолхат” бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру