Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері жоғалған баланы тапты

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жоғалған баланы ауладан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ПД ақтөбеліктерді кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мәселесіне, оның ішінде бос уақытына ерекше назар аударуға және кәмелетке толмаған балаларды ойын алаңдары мен аулаларда жалғыз қалдырмауға шақырады.

19 тамызда патрульдік полиция қызметкерлері “Шанхай” ауданында, үйлердің аулаларында жалғыз жүрген үш жасар баланы тапты. Полицейлер баланы полиция бөліміне алып келіп, баланың суретін әлеуметтік желіге жариялады. Осыған дейін ата-анасы өз бетінше іздей бастады және бір сағаттан кейін әлеуметтік желідегі табылған бала туралы жазбаны көрді. Баланың ата-анасы полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп, полиция бөлімінен баланы алып кетті.

Әйелдің айтуынша, ол сол уақытта жұмыста болған, ал бала әжесінің бақылауында қалған. Алайда әжесінің қадағалауынсыз, бала аулаға жалғыз ойнауға шығып кеткен.

Осыған орай, полиция қызметкерлері балалардың жоғалу фактілерінің, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында ата-аналарды қырағы болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру