Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыс Қазақстан облысында саптық байқау ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысында тамыз айының 18-і күні Тайпақ полиция бөлімінде саптық байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саптық байқау әскери қызметшілердің саптық машығы мен саптық жарғы ережелерін меңгеруін тексеру мақсатында Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Дархан Теміргалиев басы-қасында болып, басшылық етті. Нақтылық, үйлесімділік тәсілдерді бір мезетте орындау арқылы рухты көтеріп, өз іс-қимылдарына деген сенімділікті арттыруда әскери қызметшілердің зейіндері басты назарда болды. Осы байқау аясында анықталған кемшіліктер офицерлер кеңесінде қаралып, қызметкерлерге ескерту жасалды. Ұйымдастырылған саптық байқау – әскери қызметкерлердің өз ісінің маманы болып қана қоймай, жақсы саптық деңгейде білімі бар азамат болуына септігін тигізері анық.

Офицерлер кеңесінде саптық байқаудан тыс республика, облыс көлемінде орын алған заң бұзушылықтар, полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібін бұзуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау туралы шолулар, нұсқаулар, бұйрықтар жеткізіліп кеңесте талқыланды. Халықтың қорғанына айналған қызметкерлердің қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда еңбектері зор. Сол жауапты жұмыс барысында қызметкерлердің заң бұзушылықтар мен жемқорлықты бармау, шындықтың жүзіне тік қарап, туыстықтан көрі, турашылдыққа бет бұрғаны абзал екені жіті түсіндірілді. Сонымен қатар елдік жолында жүрген қызметкерлердің отбасыларымен кездесіп, сұхбаттасу жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру