Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері пандемиямен күресті одан әрі жалғастыруда

Алматы облысының барлық аумағын қамти отырып, полицейлер өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартуға белсенді күш жұмсауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласы Полиция басқармасының сыртқы қызметтері де бұл шарадан тыс қалған жоқ. Олар да қаланың халық ең көп жиналған жерлеріне барып, тегін медициналық бетперделер таратты. Өйткені, тәртіп сақшылары қалай да қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

– Облыс тұрғындарының көпшілігі мұндай акциялардың маңыздылығын біледі және оны жоғары бағалады. Әрине, қалада бетперде тапшылығы бар деп айта алмаймыз, бірақ акция аясында сапалы тегін бетперде алу – қала тұрғындарының санасына әрдайым оң әсер етеді, – деп хабарлады Талдықорған қалалық ПБ бастығы Асқар Нұрсапа.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру