Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге құрмет көрсетіп, оқушы қызына планшет сыйлады

Оқуда үздік нәтижеге қол жеткізу үшін Алматы облысының полицейлері көпбалалы отбасындағы бесінші сынып оқушысына планшет пен кеңсе тауарларын табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері жалпы жиналыс өткізу барысында аудандағы аз қамтылған көпбалалы отбасылардың біріне материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көмекке мұқтаж отбасы бірден анықталды. Әли отбасы қолдау қажет ететіндер тізімінің жоғары жағында орналасқан. Аталған жанұяда әкесі бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 2015 жылы ауру салдарынан бес баланың анасы көз жұмған. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ, ол өз отбасын кездейсоқ табыспен асырап келеді. Көпбалалы әкемен ақылдасқан тәртіп сақшылары бесінші сынып оқушысы Аяулым оқуда озат және білімге құштар, сондай-ақ жақсы оқу үшін оған заманауи планшет өте қажет екенін түсінді.

Жиналған ақшаға заманауи планшет пен кеңсе тауарлары алынып, бүлдіршін қызға табыс етілді, ал отбасы басшысына материалдық көмекті табыстап, ізгі тілектерін білдірді. Үлкен шаңырақтың иесі полицейлерге көмек пен мейірімділік үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру