Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

LED-жарық көздері орнатылған көліктерді анықтау шаралары жүргізілуде

Алматы облысының полицейлері өзге көлік жүргізушілеріне кедергі келтіретін жарық көздеріне қарсы күрес жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысы кезінде пайдалануға тыйым салынған және көп жағдайларда жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі болатын LED-жарық көздері орнатылған көліктерді анықтау.

22-23 тамызда Алматы облысы ПД патрульдік полиция батальонының экипаждары Қапшағай қаласында және Қарасай ауданында қолдануға тыйым салынған LED-шамдарды пайдаланатын жүргізушілерді анықтау бойынша арнайы рейд жүргізді.

– Бұл өзге жүргізушінің жолды қарауына кедергі келтіруінің салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Әрине, түнгі уақытта көлікті басқарған әр жүргізуші жарық беру құралдары шамадан тыс жарық әрі қарама-қарсы көлік жүргізушісінің жолды қарауына мүлдем мүмкіндік бермейтін көлік құралдарын жиі көреді. Қарсы түскен жарықтан бір сәтке көру қабілетін нашарлатқан жүргізуші қалпына келгенше тоқтауға мәжбүр, ал бұны ескермегендер көбінесе апатқа ұшырайды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Ысқақов.

Рейд нәтижесінде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша 40-тан астам әкімшілік материал толтырды. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру полисі жоқ көлікті басқару, сондай-ақ тыйым салынған терезе қараңғылағыш пленканы пайдаланғаны үшін тағы он хаттама толтырылып, жүргізушілер әкімшілік айыппұлдар салынды.

– Әр адам жеке және қоғамдық қауіпсіздік туралы білуі және есте сақтауы тиіс. Мұндай рейдтер үнемі және жол қозғалысы ережелерін бұзуға мүлдем төзбеушілікпен қағидатының негізінде өткізілетін болады. Осыған байланысты, жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттілігін ескертеміз. Ол жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өздерінің, өзгенің де өмірі мен денсаулығын аман сақтайды, – деп нақтылады  Нұрлан Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру