Шымкентте “Құқықтық тәртіп” іс-шарасының бір күндігі қорытындыланды
25-27 тамыз аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Шымкент қаласының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның бір күндік нәтижесінде қала аумағындағы құқықбұзушылықтардың ашылу пайызы 81 пайызды құрады.
Жалпы 828 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қолданылды.
Іс-шара барысында қабылдап-тарату орындарына – 14, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына – сегіз азамат жеткізілді.