Ақтөбе облысында екі күнде 6 құқық бұзушылық анықталды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері «Бақылау» атты жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде екі күн ішінде 100 есепте тұрған сотталғанды мекен-жайы бойынша тексеру барысында алты құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған іс-шара пробация қызметінің жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесу арқылы, 25-30 тамыз аралығында облыс деңгейінде өтіп жатыр.
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Айған Алмағамбетованың айтуынша, қазіргі таңда Алматы аудандық пробация қызметі есебінде 474 сотталған тіркелген. Күні бүгінге дейін пробация қызметкерлерімен өткізілген профилактикалық іс-шараның қорытындысымен, екі күн ішінде 100 есепте тұрған сотталған тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, құқық бұзушылыққа барған, яғни өздеріне сотпен жүктелген міндетті орындамаған алты сотталғанның жадығаты Ақтөбе қалалық №2 сотына бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға жіберілді.
– Профилактикалық іс-шараның мақсаты – Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың заңмен белгіленген жаза өтеу тәртібін бұздырмау, қайта қылмыс жасау әрекетін болдырмау және қылмыстың қайталануының алдын-алу болып табылады. Жалпы, іс-шара барысында, пробация қызметі есебінде тіркелген сотталғандар тұрғылықты мекен-жайлары мен жұмыс орындары бойынша тексеріліп, оларға қайта қылмыс жасауға бармау, ал барған жағдайда олардың жаза өтеу тәртібінің күшейетіндігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Айған Алмағамбетова.