Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері арасында сайыс өтті
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері арасында мерекеге орай сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз – Конституцияға биыл 25 жыл толды.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде ҚР Конституциясына 25 жылдығына орай, жеке құрамның қатысуымен шара өтті. Шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнімен басталды. Қызметкерлерге Конституциясы туралы видеоролик көрсетілген соң, шара сайысқа ұласты. Сайыстың ережесі бойынша қызметкерлер, Қазақстан Республикасының заңдары, мақал-мәтел және сөз құраудан жарысты. ҚР заңдарынан қойылған сұрақтарға мекеменің арнайы есепке алу тобының инспекторы М.Табылғанова, кадр саясаты тобының инспектор- психологы М.Маханова мүдірмей жауа берсе, мақал-мәтелді мақамына келтіріп, жылдам жауап берген, мекеменің заңгері Д.Шилжанова болды. Сайыс ережесінің соңғы бөлімі сөз құрау. Осы бөлімде заңгер, мемлекет, тәуелсіздік сөздерінен 10 сөз құраған, мекеменің бақылаушылары әділет аға сержанты Рамазан Ахметов пен әділет сержанты Нүркен Несіпбаев болды.
Қызметкерлер арасындағы сайыс қызықты да тартысты өтті.