Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі күнде 100-ден астам ақтөбелік «сары нөмірді» алды

«Жолда қабылдау» республикалық акциясының екі күнінде ақтөбеліктер 100-ден астам «сары нөмір» алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 – 27 тамызда Ақтөбе облысында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Негізінен облыс тұрғындарын Армения Республикасынан әкелінген көлікті есепке қою. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін полиция қызметкерлері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және қала орталықтарындағы гипермаркеттер жанында қабылдау жүргізді.

«Жолда қабылдау» акциясының екі күні ішінде Армениядан әкелінген 116 көлік есепке алынды.
Бүгінгі күні басқару құрылғысы сол жақта орналасқан 1843 көлік құралы және басқарудың оң жақ рульдік басқарудан сол жаққа қайта жабдықталған 14 көлік құралы есепке қойылды.

Полиция департаменті 1 қыркүйек күні армян есебіндегі автокөліктерді тіркеу аяқталатынын еске салады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы 30 және 31 тамыз күндері, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тіркеуден өтпеген жағдайда көлік құралдарының жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша автокөліктерін айыппұл тұрағына қоя отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Уақытты ұзарту мерзімдерді көзделмеген. Call-орталықтың телефон нөмірі: 87132-936-139.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру