Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер «30 тамыз – ҚР Конституция күнін» атап өтті

ҚР Конституциясы күні қарсаңында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Ақтөбе облысы Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 30 тамызда біз еліміздің басты мерекелерінің бірі – ҚP Конституциясының 25 жылдығын атап өтеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында басты міндет тұр – азаматтарды тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау. Біз еліміздің азаматтарының сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоты болуға бар күш – жігерімізді салуымыз керек, – деп атап өтті өз сөзінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Жеке құрам ішкі істер министрлігінің және Департамент бастығының бұйрықтарымен таныстырылды, онда қызметтік міндеттерін адал атқарудың арқасында мүмкін болған үздік көрсеткіштері үшін ішкі істер министрінің құқықтарымен мерзімінен бұрын жеті қызметкерге арнайы атақ берілді, төрт қызметкер «Ішкі істер органдарының үздігі» 2-дәрежелі төс белгісімен, ҚР ІІМ грамотасымен – үш қызметкер, алғыс хатпен – төрт қызметкер және тағы бір қызметкерге ҚР ІІМ Министрінің атынан алғыс жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен облыс әкімінің атынан бес қызметкер және ішкі істер министрінің атынан облыстың ПД төрт қызметкері медальмен марапатталды.

Сонымен қатар, Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 178 қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру