Ақтөбеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілді
Ақтөбеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекетіміздің маңызды мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде халық санының көбейгені жағдайында, ол барған сайын өткір мәселе бола түсуде. Өкінішке орай, статистика бойынша, облыста жыл басынан бері 342 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның ішінде 62 адам қаза тауып, 474 адам жарақат алған. Айта кету керек, жолдардағы қауіпсіздік деңгейі бірқатар факторларға байланысты. Бұл автомобильдердің техникалық жағдайы, қозғалысты ұйымдастыру деңгейі, жүргізушілердің маневр жасауы және тағы басқалар.
Алайда, жалпы жолдағы қауіпсіздікті анықтайтын негізгі фактор – жүргізушілердің немқұрайлығының төмен болуы. Түсіністік таныту керек жағдай – жолдың әр шақырымына инспектор қоя алмайсыз. Күн сайын облыс жолдарында патрульдік полицияның 200-ге жуық қызметкері қызмет атқарады.
Тамыз айының басынан бері облыс жолдарында бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды. 11 тамызда Темір ауданының тұрғыны «Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі «Ақтөбе – Богословка» автожолымен Сазды ауылы жағынан Ақтөбе қаласы бағытында «Строитель-1» автобус аялдамасына қарама-қарсы бағытта келе жатып «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Opel Vectra» автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болды.
«Toyota Camry» автокөлігінің төрт жолаушысы Ақтөбе қаласы Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, оның үшеуі медициналық тексерістен өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды.
«Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі 2019 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 12 тамызда «Самара-Шымкент» автожолында кезекті жол-көлік оқиғасы орын алды. «Аudi-100 «автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Қобда ауылы бағытында Сарытоғай ауылының маңында қарсы бағытта келе жатқан «Iveco МІ 80E» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Аudi-100 C4» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
– Бұл жол учаскесі жақсы жағдайда, барлық белгілер орнатылған, жол барлық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жол-көлік оқиғасында жол қозғалысы ережелерін елемеу байқалады, – деді ПД бастығы А.Арыстанов.
А.Арыстановтың айтуынша, апаттылықтың өсуін тежеу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Жолдарда бақылау күшейтілді. Жаңалықтардың бірі – жаңа инновациялық «Skype»-пен бақылау. «Skype» қосымшасын пайдалану мүмкіншілігі. Бұл әсіресе жол-көлік оқиғалары кезінде деректерді жедел беруге көмектеседі. Жаңа технологияларды белсенді пайдаланудың арқасында онлайн-режимде жолдардағы барлық жағдай туралы хабардар болады. Қаладан 400-500 шақырым қашықтықта не болып жатқанын білуге болады.
Рейдтік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 83 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолы кесілді, оның ішінде мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды. Әкімшілік жазалау шаралары жүргізушілерге ғана қолданылмайды. Ережені бұзғаны үшін 12 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.
Осыған байланысты Полиция департаменті барлық жол қозғалыс қатысушыларынан жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, өзара сыйластықпен және бір-біріне құрметпен қарауды сұрайды. Есіңізде болсын, автомобиль – апаттың қауіптің көзі. Ережелерді елемеу жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін. Есіңізде болсын, сізді үнемі үйіңізде күтетін жақындарыңыз барын ұмытпаңыз.