Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақ АПБ-нің Көші-қон полиция қызметкерлері шалғай ауылдарға жолға шықты

Полиция қызметкерлері шалғай ауылдарды аралап 70 жастан асқан қарт кісілердің төлқұжаттарын қалпына келтіріп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндағы мақсаттары 70 жастан асқан қарт кісілердің мерзімі өткен төлқұжаттарын қалпына келтіру, ауданнан алыс орналасқан ауылдарға барып өтініштер қабылдап, құжаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Осы бағытта Созақтық полицейлер бес ауылды аралап егде жастағы 25 қарт кісілерге жеке құжаттарын қалпына келтіруге көмек берді. Соның ішінде полиция қызметкерлерінің атқарған шаруаларына көңілі толған Созақ ауданының құрметті азаматы Анарбай Шадибек өз алғысын жеткізді.

82 жастағы ардагер атамыз өз сөзінде: – Полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Карантин режимі жүріп жатқанымен ауыл-ауылды,үй-үйді аралап өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан егде жастағы қарияларға, ақ жаулықты әжейлерге үлкен көмек беруде. Бұл атқарылған шаруа біз үшін күтпеген мүмкіндік болды. Барлық полиция қызметкерлеріне өз ризашылығымды айтамын, – деп ақ батасын берді.


Жалпы, тәртіп сақшылары коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин уақытында да жұмыстарын тоқтатпай, шалғай ауылдарды аралап, әрбір жүріп-тұруы қиындаған қариялардың құжаттарын жаңарту бойынша жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы қызметтер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру