Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 3 мыңға жуық қоғамдық құқық бұзушылар анықталды

25-27 тамызы аралығында «Құқықтық тәртіп» ЖАІШ шеңберінде Павлодар облысында рейдтер өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Нәтижесінде полиция үш мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Мың жүргізуші тек жол ережесін бұзғаны үшін тартылды. Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктердің 428 жанкүйері анықталды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін – 24 жүргізуші жазаланды, 140 жүргізуші жылдамдықты бұзды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін облыстың 154 тұрғыны жазаланды. Сондай-ақ, мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 300-ден астам адам бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды, – деп атап өтті Жасқайрат Иманбекұлы.

Атыс қаруы мен суық қаруды қолдану арқылы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шара кезеңінде атыс қаруы мен суық қаруды заңсыз алып жүру және сақтау бойынша 14 оқиға тіркелді.

– Сағат 04.30-да Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері «Toyota Estima» көлігін тоқтатты, салоннан пышақ табылды. Іс-шара аяқталды, бірақ полиция аймақтағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Азаматтар қоғамдық орындарда бола отырып, тек өздерінің сенімдері, көңіл-күйлері мен тілектері шеңберінде ғана емес, басқалардың пікірін ескере отырып, қоғамдағы өмірдің белгіленген нормалары мен тәртіптері шеңберінде әрекет ету керек екенін білуі керек, – деп қорытындылады полковник Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру