Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Қызылорда облысында Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бүгін 58 мектептің кезекші топтарында кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы №1, №5, №43, №120, №136, №171, №235, №253 мектептерде мектеп инспекторлары әкімшілікпен бірлесіп, 1-сыныптарда бейтаныс адамдармен, сондай-ақ қоғамдық орындарда және жолдарда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша сабақтар өткізді. Инспекторлар «Жол ережелерін біл!» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл іс-шаралар, ең алдымен, құқық бұзушылықтың алдын алуға және балалардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

Сонымен қатар ұстаздар бастауыш сынып оқушыларының мектепке келіп кетер уақыттарында балаларға үнемі жол қозғалысы қауіпсіздігі жөнінде ескертіп отыруын және бірінші сыныпқа жаңадан келген балалардың сабақтан ата-аналарынсыз немесе жақын туыстарынсыз кетіп қалмауын қадағалауларын, оқушылардың үйлерінен мектепке келіп кететін жолдарын зерделеп, ата-аналардан ыңғайлы жолдарды таңдап, жүру схемаларын сызып беру сұралады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру