Қызылордалық полицейлер психологиялық тренингке қатысты
Қызылорда облысының Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жеке құрамына осы бөліністің инспектор-психологы Дархан Қалбергеновпен тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тренингтің негізгі мақсаты – қызметкерлердің экстремалды жағдайларға психологиялық тұрғыда дайын болуын қамтамасыз ету, ортақ мақсатқа біріктіруге дағдыландыру, сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, стресс ситуациялары мен кикілжің жағдайларында тыныштық, салмақтылық сақтай білуге үйрету сонымен қатар әріптестер арасында коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.
Тренинг барысында қызметкерлер өздерін еркін және белсенді болып, ұжым арасындағы ауыз біршіліктің жоғарғы дәрежеде екенін көрсете білді.
Рөлдік ойындар арқылы қызметкерлердің бойындағы қорқыныш, өзіне деген сенімсіздік күйлерін анықтап қана қоймай, оларды жеңу жолдарын бойынша жаттығулар көрсетілді.
Тренинг соңында қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп психологиялық кері байланысқа түсті. Іс-шараға 30-ға жуық қызметкер қатысты.
Алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табады.