Атыраулықтың үйінен заңсыз сақталған қару мен есірткі табылды
Атырау облысы Құрманғазы ауданының ПБ қызметкерлері жедел- профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде ауыл тұрғынынан құқық бұзушылықтың бірнешеуін бірден анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
55жастағы азаматтың мекен жайынан жалпы салмағы 900 гр болатын 43 орамға бөліп салған қарасора, сонымен қатар, заңсыз сақталған 16 калибрлі аңшы мылтығы, 50 дана оқ-дәрілер, 62 дана гильзалар табылды. Бұдан басқа, ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені анықталып, 178 түп қара сора алынды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыс кодексінің екі бірдей бабымен (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені) және (Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, кептіріп, үгітіп сақтағаны) бойынша жүргізілуде.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделді.