Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оңай олжа таппақ болған азаматшаны қарағандылық полиция ұстады

Қарағандыда жұмыс орнынан қомақты ақша жымқырған қылмыскердің әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен жалпы соммасы екі миллион теңге ақша ұрланды деген хабарлама түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары жаудың алыстан келмегенін сезіп, серіктестікте жұмыс істейтін қызметкерлерден жауап алу барысында қырағы полицияның назарына 31 жастағы азаматша ілінген. Ол бұл жерге қызметке жақында орналасқаны белгілі болды. Оңай олжа таппақ болған күдікті небары жиырма күннің ішінде екі миллион теңгені қалтасына басып үлгерген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру