Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Борышкер» іс-шарасын өткізуде

28 тамыз бен 25 қыркүйегі аралығында облыс көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру болып табылады. 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.

Іс-шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция және Әкімшлік полиция басқармасының қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Рейд барысында қарыздары бар жүргізушілердің тізімдері шығарылып, мобильді топтармен автокөліктері анықталған жағдайда айып алаңына қойылып немесе мемлекеттік белгілері тәркіленуде.

Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгін де біршама шектеу жұмыстары жүргізіледі, яғни шет елдерге шығуға шектеу қою, жеке шоттарына, мүліктеріне шектеу қою сияқты. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған мерзімде 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.

Тұрғындардың назарына! Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтерді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімінен (мекен жай: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы №22 ғимаратынан) біле аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру