Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аққулы ауданында мас мотоцикл жүргізушісі сотталды

Павлодар облысы Аққулы ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін мотоцикл жүргізушісі сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қызыл-Қоғам ауылы маңында орналасқан Ертіс өзенінің жайылмасында патрульдеу кезінде Аққулы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметкерлері Урал мотоциклін басқарған ауыл тұрғынын тоқтатты, – деп мәлімдеді полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жандос Айтмұхамбетов. – Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Сауалнама нәтижесінде полицияның болжамдары расталды, жүргізуші шынымен де мас болған.

Жоғарыда аталған көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды. Аққулы аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды көлікті мас күйінде жүргізген адамды көрсеңіз полицияға хабарласуыңызды сұрайды. Тек бірлескен күш-жігермен ғана жағдайға әсер етіп, адам құрбандарының алдын алуға болады. Азаматтық позицияңызды көрсетіңіз және көлік жүргізушісін мас күйінде басқару туралы негізделген болжамдар болған жағдайда полицияға «102»-ге хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру