Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық Полиция департаментінде отбасылық даулардың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде семинар өтті

Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторы арнайы мекемесінде “Отбасындағы әкенің ролі” тақырыбында семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараны Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Г.Т. Шрахметованың ұйымдастыруымен Азаматтық бастамашылықты қолдау орталығының бас маманы Лимана Қойшиева шақырылды.

Семинардың мақсаты – отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту, балалар мен жастарды агрессиясыз мінез-құлыққа бейімдеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне қатысушылар аса қызығушылық танытып, қажетті ақпарат алғандығына алғысын білдірді.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған  құқық бұзушылықтардың саны артқан.

Отбасылық тұрмыстық жанжал көбінесе алкогольдік ішімдік ішу кезінде орын алады. Осындай іс-әрекеттерді жасауға бейім адамдармен яғни алкоголиктер, нашақорлар, жанжалқойлармен жеке жұмыс күшейтілді.             

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру