Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келтірген алаяқты қарағандылық полиция қолға түсірді

Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келтірген алаяқты қарағандылық полиция қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полция басқармасының Оңтүстік –Шығыс полиция бөліміне 47 жастағы азамат хабарласқан. Ол белгісіз біреу өзін жеке кәсіпкермін деп таныстырып, үйінің қылтимасын қаптап беруге келісіп, алдын ала материалдар алуға 100 мың теңге алғанын айтқан. Тапсырыс беруші басында оның айтқандарына сеніп, қолындағы ақшасын беріп, бір аптадай «кәсіпкермен» сөйлесіп жүрген. Алайда, алғашында бірнеше сылтау айтқан алаяқ, кейін мүлде қоңырауға жауап бермей қойған. Кезекті алаяқтың арбауына түскенін сезген жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы күдіктіні анықтады. Оның жеке кәсіпкерлікке мүлде қатысы жоқ екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру