Ақтөбе облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Ақтөбе облысы бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 1-30 қыркүйек аралығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалпы облыс бойынша тіркелген 8 416 атыс қаруының 2 537-сі тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
1-7 қыркүйек аралығында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде 128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – алты, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 91 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 31 дерек анықталды.
Мысалы, 3 қыркүйек күні ҚР-дан РФ-ға өту кезінде 36 жастағы Қырғызстан Республикасы азаматының басқаруындағы «Мерседес Бенц» автокөлігін тексеру кезінде үй заттарының астындағы жол сөмкесінен екі дана электрошокер табылды.
Заңсыз қару айналымынан барлығы төрт бірлік тегіс ұңғылы қару, сондай-ақ Мәртөк ауданынан (2) және Шалқар ауданынан (1) үш бірлік электрошокер тәркіленді.
Барлығы төрт тәулік ішінде 17 дана суық қару тәркіленді.