Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық ауласында есірткі заты бар өсімдікті өсірген

Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірген ауыл тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі егілген ауланы тауып, күдіктіні құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне Кентау ПБ-нің ЖПҚ УПИ Бақтияр Журабаевтан Ескі Иқан ауылында жергілікті тұрғынның бірі ауласында сора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы толық құрамда шығып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері тұрғынның бақшасынан егіліп, күтіп-бапталған құрамында есірткісі бар алты түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Полицейлер барлық алынған түптерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес алынған түптер құрамында есірткісі бар “сора” өсімдігі болып шықты. Есірткі егумен айналысқан тұрғынға қатысты “Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат” түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 300 бабы (Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Осы баптың санкциялары екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру