Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтық қылмыстарының алдын алу тәсілдері

Алаяқтық қылмыстарының алдын алу тәсілдері туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Серік Беркімбаев айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және заңмен қорғалады. Пайдакүнемдік қылмыстардың бірі ол – “Алаяқтықты” көздейтін қылмыстар.

Алаяқтық – бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі.

Аталған қылмыс түрінде жасалынатын қылмыстардың жолы бірталай, ол ең жеңіл, оңай тәсілдерден бастап: (ескі ақшаны жаңаға ауыстыру кезінде ақшаны алдатып алып кету, ұялы телефонмен сөйлесуге сұрай тұрып, пайдакүнемдік оймен ұялы телефондарды алып кету), қиын тәсілдермен азаматтарды алдатудан бітеді, яғни ондай тәсілдердің бірі: алаяқтықтан қорлық көрген азаматтардың жеке мүліктеріне иемдену болып табылады (мысал ретінде, тұрғын үй кешендерін сатуда немесе сатып алуда құжаттарды жалған жасап, жылжымайтын мүліктерге иелік ету).

Шымкент қаласы бойынша алаяқтық түрінде жасалынатын қылмыстардың келесі түрлері кеңінен таралған:

1. Интернет желісі арқылы жасалынатын қылмыстар, (мысалы: олх немесе колесо.кз сайттары арқылы алаяқтар өздерінің пыйғылдарын жүзеге асыру үшін жарнамаға шығарған тауарларын сату мақсатында, банктік карталарды алды-артын суретке түсіріп, азаматтардың жеке куәліктерін суретке түсіріп, банктік карталарына ақша аударылады деп алдап, карталарында, шоттарында болған ақшаларды оңай жолмен шешіп алады, немесе онлайн несие рәсімдеп өз ойларын аяқтайды).

2. Әр түрлі қызмет көрсету түріндегі және келісім шарттардың талаптарын орындалмауы, (мысалы: азаматтарды жұмысқа орналастыру кезіңде де алаяқтық көптен кездесуде. Жұмыс іздеушілер жұмыс табу мақсатында жұмысқа тұрғызамын деп қызмет ұсынғаны үшін алаяқтар жоғары бағамен ақша қаражаттарын алуда).

3. Жылжымайтын мүліктерді алаяқтардың өз аттарына немесе туыстары, жақсы таныстарының аттарына құжаттарды жалған жасау арқылы пайдакүнемдік оймен аударып алу, (Мысалы: Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтықтың көп түрлері орын алуда. Көбінесе жаңа тұрғын үйден пәтер алуға көмек көрсетемін деп алған қаражаттарды жеке басына жұмсау деректері кездесуде. Сонымен қатар жылжымайтын мүлікті жалған меншік құқығын танитын құжаттарымен сату бойынша азаматтарды алдау жолымен ақшаларын алып қою жағдайлары да орын алуда.4. Банк жүйелерінде несиелерді алдау арқылы рәсімдеп алу.

5. Ұялы телефондарды сөйлесе тұруға ала тұрып, қайтармай алаяқтық жолмен алып кету. 

Алаяқтық түріндегі қылмыстардың алдын алу, алаяқтық тәсілмен жасалған қылмыстардан зардап шеккен азаматтарды ондай қылмыстардан жәбірленуші болудан, қорлық көруден сақтау үшін Шымкент қаласы прокуратурасымен, бұқаралық ақпараттарда, интернет жүйелерінде құқықбұзушылықты қандай жолдармен алдын алу тәсілдері бар екені ақпараттар беру арқылы жарияланады.

Оған қоса, қоғамдық орындарда ескертпе түріндегі билбортар орнатылған, стикеррлер, буклеттер, күнтізбелер жасалынып қоғамдық орындарда, халыққа қызмет ету орталықтарында, банктерде, аялдамаларда және автобустарда таратылады.

Сонымен қатар, Қаламызда бірнеше жеке дара қызмет жасайтын, Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер немесе түрлі ломбардттардан зәбір шегіп арызданып жүрген азаматтар көп. Айтылып отырған ұйымдар, немесе шағын және орта бизнесті дөңгелетіп жүрген, (яғни ломбардтар, мемлекеттік емес шағын несие беру ұйымдары) азаматтардың арасынан да өз қызмет адал жасамайтындар да өкінішке орай кездеседі. Мұндай жекешеленген ұйымдардың алдауына түсіп, көп мөлшерде ақшаларынан айырылып отқан азаматтар да жетерлік. Қәзіргі таңда Шымкент қаласының аумағында да, халықтың наразылығын тудыртып, ақыры дауға айналған “Выгодный Займ”, “Естейд” және “Гарант-24” ЖШС-не қатысты бірнеше қылмыстық істер қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл қылмыстың тәсілі, адамдардың үлкен тобына қаржылық пирамида құру арқылы жасалынып отыр. Тергеу көрсеткендей бұл жолы да, халықты алдап, салған салымның үстінен 35 пайыз алатындарына сендіріп, қызықтырып, көп мөлшерде ақша, жылжыйтын және жылжымайтын мүліктерін өткізіп өздері алданып отыр. Осыған орай, Шымкент қалалық Полиция Департаменті барлық азаматтарды мұндай «қақпанға» түсіп қалудан аулақ болуды ескертеді.

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысымен алаяқтық қылмыстары қала бойынша құқық қорғау органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (әрі қарай – СДТБТ-і) барлығы 3 457 (2019ж. сегіз айында -3539, -2,3% азайған) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 1010 ашылып (2019-830, +21,6% көбейген) сотқа жолданған, 440 (2019-581, -24,2% азайған) іс ақтайтын негізбен қысқартылған. 

Жалпы қала аумағында тіркелген алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды 2019 және 2020 жылдары салыстырғанда, алаяқтық қылмысы 2,3 пайызға төмендеген.

Қалалық прокуратурасымен 2020 жылға алаяқтық қылмыстарымен күресіп оның алдын алу бағытында атқарылатын іс-шаралар туралы жоспар бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру