Алматы полициясы үйме-үй тексеру кезінде қылмыстық элементті іздеуде
Алматы полициясы үйме-үй тексеру кезінде қылмыстық элементті іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаһар полицейлері Алматыдағы әкімшілік аймақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтті.
Алматыда 2020 жылғы 7 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін «Участок» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізіледі.
– Оған жергілікті полиция, көші-қон қызметі, сондай-ақ, экстремизмге қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері қатысады. Бір күнде полиция қызметкерлері ЖАІ 4 мыңнан астам пәтерлер мен жеке үйлерге тексеру жүргізді. Нәтижелеріне сәйкес азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұруының 250 фактісі анықталды, олардың барлығы ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарында есепте тұрған 560 адамнан, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында заң бұзушылықтарға жол берген адамдардан тексеру жүргізілді. Олармен алдын-алу әңгімесі өткізілді. Қала аумағында ойын-сауық мекемелерінің карантиндік режимді сақтамауының 12 фактісі анықталды. Олар да қатар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді, Алматы қаласы полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Полиция қызметкерлеріне азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ, қылмыстардың алдын-алу, анықтау, жолын кесу және құқық бұзушылықтардың алдын-алу жүктелген.