Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

40 минут ішінде ұрланған темір гараж табылды

Жезқазғандық полиция қызметкерлері 40 минут ішінде ұрланған темір гаражды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні Қарағанды облысы Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, сағат 10.30 бен 11.10 аралығында белгісіз біреулер ауласынан оған тиесілі құны 300 мың теңге тұратын темір гаражын алып кеткендігі туралы арызданған.

Тапатал түсте ұрланған заттың үлкендігіне қарамастан оны кім алып жатқаны және қалай әкеткенін көрдім, білдім деген ешкім болмаған. Полиция қызметкерлері тек оқиға орнынан автокөліктің ізін ғана көрген.

Арада 40 минут уақыт өткенде патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен темір гараж артылған жүк көлігін көріп тоқтатқан. 36 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі көліктегі темір гаражды танымайтын біреу 50 мың теңге ақша беріп, темір қабылдау орнына апарып беруін өтінгенін айтқан.

Ұрлау объектісі иесіне қайтарылып, жәбірленуші тез арада әрекет жасап, мүлкін тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын айтты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері көлік жүргізушіге тапсырыс берген азаматты анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру