Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Үй алып беремін»: қарағандылық алаяқ ұсталды

Қарағандылық полиция қызметкерлері мемлекеттік бағдарламамен үй алуға көмектесемін деген алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны хабарласқан.

Арызданушы 2017 жылдың желтоқсан айында қаладағы сауда үйлерінің бірінде яки мемлекеттік органдарда істейтін бір азаматпен танысқан.
Әңгіме барысында, жаңадан танысқан азамат жәбірленушінің ұтымды бағаға үй алғысы келгенін аңғарып, мемлекеттік бағдарламамен үй бөлу кезінде мүмкіндігі бар екенін айтып, бар болғаны бір миллион теңгеге бар шаруасын шешіп беруге келіскен.

Арзан бағаға баспаналы боламын деп ойлаған жәбірленуші, жаңадан танысқан адамына сұраған сомманы апарып беріп, екі жыл бойы үйлі болмай, ақшаны желге шашқанын сезген соң барып, полицияға арызданған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы азаматты анықтап ұстады.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру