Атырау облысы Махамбет ауданының полицейлері Отбасы күніне қайырымдылық жасады
Атырау облысы Махамбет ауданының полицейлері Отбасы күніне қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы-алғашқы қадам.
Махамбеттік полицейлер ауданымыздың көп балалы отбасыларын мерекелерімен құттықтап, бөлім атынан азық-түлік себетін табыстады.
Аталған қайырымдылық шараның мақсаты-карантин кезіндегі әлеуметтік тұрғыдан көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу және мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпау.