Қостанайлық полицейлер зейнеткерге жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесті
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Святослав кентінің 72 жастағы тұрғыны Владимир Унгер денсаулығына байланысты полицейлерге жеке басын куәландыратын құжатты қайта ресімдеуге көмек сұрап жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Владимир Эдмундович бір жарым айдан бері аудан орталығына бара алмайды, оған денсаулығы жарамайды. Куәліксіз зейнетақысын ала алмайды. Осы мақсатта ауданда «Мобильді ХҚКО» жұмыс істейді, бірақ пандемиядан туындаған үлкен жүктемеге байланысты тағы екі апта күтуге тура келеді.
Полиция майоры Орынбасар Алжанов зейнеткердің мәселесі туралы біліп, дереу аталмыш ауылға барып, Владимир Эдмундовичке құжат рәсімдеуге көмектесті.
Өз кезегінде зейнеткер Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетовке тәртіп сақшыларының адал жұмысы және азаматтардың проблемаларына мұқият қарағаны үшін алғыс хатын жазды.