Ақсу полицейлері алкоголь өнімін заңсыз сату дерегін анықтады
Алкоголь өнімін заңсыз сатқан павлодарлық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2020 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 15.40 шамасында Ақсу қаласында полицейлер, құрамында спирт бар сұйықтықты сату фактісін анықтады,- деп түсіндірді полицей Айдын Жүнісов.
33 жастағы қала тұрғыны мөлдір пластикалық бөтелкедегі сыйымдылығы 0,5 литрді мың теңгеге сатқаны анықталды. Бұл ретте, оның сатуға рұқсат құжаттары жоқ. Тексеру барысында сол жерден құйғыш пен 2,5 литр ұқсас өнім өлшеу кестесі бар пластикалық ыдыстар алынды.
– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, ол үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қазіргі уақытта ұсталған заттарымен бірге сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша материал әрі қарай қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, – деп түсіндірді полицияда.