Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні ұстады

Павлодар облысында мас жүргізушілер жасаған 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 10 қыркүйек 17.45 минут шамасында Облыстық департаменттің Патрульдік полиция ротасының экипажы аға лейтенанттар Рамазанов Жандаулет пен Латипов Алишер Омбы тас жолында, Достық кентінің маңында “ВАЗ-2107” автокөлігін байқады, ол жоғары жылдамдықпен қозғалған және түзу жүрмеген, – деді департамент бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полицияның тоқта деген талаптарын жүргізуші елемеді, оның үстіне жылдамдықты қосып, Павлодар қаласына қарай қашқан.

– Күтуге болмады, өйткені үлкен жылдамдықпен қозғалатын көліктен ауыр зардаптар күтуге болатын еді. Аға лейтенанттар Дастан Рамазанов пен Тимур Сыздықовтан тұратын екінші автопатруль де қууға қосылды. Бұл көлік Мичурин ауылының маңында ұсталды, – деді Нұрлан Мәсімов.

Анықталғандай, 30 жастағы ауыл тұрғыны алкогольді асыра пайдаланған, содан кейін серуендеуге бел буып, әкесінің көлігін алып, кетіп қалған. Сонымен қатар, ауыл тұрғыны көлік құралын басқаруға құқылы емес екенін және ешқашан құқығы болмағанын ұмытып кетіпті.
Бұл ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 және 612-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Материалдар сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді.
Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында мас жүргізушілер жасаған 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде екі адам қайтыс болды, 19-ы жарақат алды.

Тағы 734 жүргізушіні полиция мас күйінде басқарғаны үшін ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру