Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларды мектепке дайындауға көмектесті

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Арыс қалалық пробация қызметі, есебіндегі аз қамтылған алты отбасының балаларына оқуға керекті құрал жабдықтар толы сөмке табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Арыс қалалық пробация қызметінде 100-ге жуық сотталған есепте тұрады. Оның ішінде 62 сотталған пробация қызметінің көмегімен тұрақты жұмысқа орналасқан, қалғаны өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

– Пробация есебінде әлеуметтік жағдайы жағынан әр-түрлі отбасылар бар. Біз солардың ішінен аз қамтылған отбасыларға жыл сайын демеушілердің көмегімен түрлі көмектер көрсетіп отырамыз. Бұл жолы қалалық “Атамекен” кәсіпкерлік палатасының қолдауымен алты отбасыға мектепке керекті құрал жабдықтар берілді. Бала қуанышы патша тағынан да қымбат, дегендей бала қуанса әлем қуанады емеспе. Бұл өткізілген іс-шара “Мектепке жол” Республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды, – дейді Арыс қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы Жанна Айтмурзаева.

Отбасыға көмек қолын созып, балаларды қуанышқа бөлеген пробация қызметіне ата-аналары алғысын білдірді. Мұндай іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру