Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері жалған жалға берушіні ұстады

Қарағандыда жалған жалға беруші тұрғынның ақшасын алып, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ-не 35 жастағы Алматы облысының тұрғыны жүгінді. Анықталғандай әйел Қарағандыда тұрғын үй жалға алуға ниеті болыпты. Өзін сырттан келген әйелге керекті пәтер иесі ретінде таныстырған бір ер азаматпен келіскен.

Пәтерді жалға алу шарттарын келістіріп, қарағандылық қажетті құжаттарды дайындаймын деген сылтаумен 75 мың теңгені алып кеткен. Сол кеткенімен, қаскүнем ұялы телефонды өшірген.

– Полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қозғалды. Тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру