Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 51 жастағы жүргізушіден 4 келіге жуық гашиш тәркіленді

Жамбыл облысында 51 жастағы жүргізушіден төрт келіге жуық гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қыркүйекте “Қарасора – 2020” республикалық жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Шу ауданының Мойынқұм ауылында “Мазда Кронус” автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісін ұстады.

Автосалонды тінту барысында 3 келі 660 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру