Құжатсыз жүрген 18 ақтөбелік куәлік алды
Ақтөбе облысында куәліксіз жүрген 18 тұрғын құжаттарын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәртөк ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобымен 2019 жылы 28 адамға құжат берілген, биыл 1974 жылғы үлгідегі КСРО Қызыл паспорттарымен немесе туу туралы куәліксіз тұратын 18 адам құжатталған.
Адамдар ондаған жылдар бойы құжатсыз өмір сүреді. Себептердің бірі – заңгерлік сауаттылықтың өте төмен болуы: көбісі қайда жүгіну керектігін, қандай да бір анықтаманы қайдан алу және өтінішті қалай жазу қажеттігін білмейді. Көші-қон қызметі тобының аға инспекторы З.Ақзамованың айтуынша, көмекке жүгінгендер көбінесе әріптеп айтқан кезде ғана өтініш жаза алады.
Нәтижесінде адамдар медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмектен айырылады.
– Адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болған кезде, олардың санаулысы құжаттарды өзгертуге немесе қалпына келтіруге тырысады. Жалпы, әрқашан сізге не болғаны маңызды емес, қазір өзіңіздің өміріңізді өзгертіп бастамасаңыз, жиырма жыл бойы құжаттар жасайсыз, – деп түсіндіреді З.Ақзамова.
Оның айтуынша, құжатты қалпына келтіру үшін орта есеппен алты ай, тіпті одан да көп уақыт кетеді. Оның барлығы қай елдің азаматы жүгінгеніне және оның қанша уақыт бойы құжатсыз жүргеніне байланысты. Кейде қолында бірде-бір құжаты жоқ адамдар келіп жатады. Кейде адамдар өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе тіпті туған күнін еске түсіре алмайды.
– Құжаттардың болмауы көбінесе Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты, – дейді Зульфия Ақзамова. – Тоқсаныншы жылдары мұрағаттар жоғалды, жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекеттерге кіру және шығу әрдайым дұрыс жазылмады, бұрынғы Кеңес Одағының құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі анықталмады.
Сондай-ақ, тұрғынның үйіне барып, жеке куәлікке ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биылғы жылы мобильдік Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 15 тұрғын рәсімделді.