ЖБО назарында – қоғамдық көлік
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тараз қалалық ПБ Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің назарында жеңіл автокөліктердің жүргізушілері ғана емес, қоғамдық көліктер де бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осылайша, ЖБО қалалық автобус жүргізушілері жасаған бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеді. Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамаған «Dongfeng» жолаушылар техникалық құралдарының екі жүргізушісін байқады, атап айтқанда, олар қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбады, сондықтан ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі бойынша жазаланады. «ПАЗ 32054» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау) бойынша хаттама жасалды. Осы маркалы автокөліктердің екі жүргізушісі де жазаланады : олардың бірі көлік құралын басқару кезінде телефон қолданған ( ҚР ӘҚБтК-н34 591-бабының 1-бөлігі), екіншісі – ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шыққан.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша көлік құралын мас күйінде басқарған «Golf» жеңіл автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «Honda» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.