Шымкент: "Есірткіге жол жоқ!" акциясы ұйымдастырылды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері және қалалық "Жастар ресурстық орталығы" бірлесе "Есірткіге жол жоқ!" акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында есірткі жарнамасы таралуының алдын-алу мақсатында Жангельдин, Т.Айбергенов, Ш.Қалдаяқов, Б.Момышұлы көшелері және Республика даңғылындағы графикалық үлгідегі жарнамалар өшірілді. Ерікті жастар мен тәртіп сақшыларының бірлескен шарасы тұрақты түрде жалғасатын болады.