Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадық полицейлер бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйелді ұстады

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының жолын кесуге бағытталған алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің ескертуіне қарамастан, облыс орталығының тұрғындары әлеуметтік желілерде алаяқтардың түрлі айла-амалдарымен жиі кездесіп отырады.

Мәселен, маусым айында Қызылорда қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны Б.М. алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Мамыр айында белгісіз азамат М. өзінің танысына сенім артып, ақшаны банк кәртішкесіне шұғыл аудару қажет деген сылтаумен банк кәртішкесінің 20 таңбалы нөмірін және жеке куәлігінің көшірмесін сұраған.

Азаматша С. оған банк деректемелерін және өзінің басқа танысының жеке куәлігінің нөмірін берген. «WhatsApp» арқылы қажетті құжаттарды алған алаяқ екі шағын қаржы ұйымдарында несие рәсімдейді.

Кейін алаяқ әйел тағы бір тұрғынның атынан 75 мың теңге көлемінде несие алды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрігізілді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру