Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол апатынан жолаушы жарақат алды

Павлодар облысында жол апатынан жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қыркүйек сағат 10.00-де Аққулы ауылының жанындағы Павлодар-Семей автожолында 30 жастағы “Тойота Чайзер” автокөлігінің жүргізушісі Аққулы ауылынан шыққан кезде “жол беріңдер” белгісін елемей, 50 жастағы жүргізушінің басқаруымен “Ауди 10” автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан “Тойота Чайзер” жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру