Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық қорғау органынан жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімшесі тобының қызметкерлері “Іздестіру” мемлекетаралық жедел-алдын алу операциясы аясындағы, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауданның 25 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайдя Polisia.kz.

Тереңкөл ауылының тұрғыны 2018 жылы тұрғынның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сотталған. 2020 жылдың наурызынан бастап бас бостандығынан айыру оның бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ құқық бұзуға еті үйренген азаматша ережелерді елемей, 2020 жылдың маусым айынан бастап пробация қызметінің бақылауынан жасырынып келген.

Қазіргі уақытта қамауға алынды.

Сондай-ақ Тереңкөл ауылында 37 жастағы РФ азаматы, Ресей Федерациясының қылмыстық іздеу есебінде тұрған қылмыскер анықталды.

Оған РФ ҚК-нің 228-бабының 3-бөлігі, 30-бабының 3-бөлігі бойынша есірткі заттарын сақтағаны және таратқаны үшін іздеу жарияланған. Ал қылмыскер 2019 жылдан бері құқық қорғау органдарынан жасырынып келген.

Оған “Келу туралы міндеттеме” бұлтартпау шарасы тағайындалды, сондай-ақ оған қатысты материал жиналды және одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін іздестіру бастамашыларына жіберілді.

“Іздестіру” іс-шарасы 2020 жылғы 16-17 қыркүйек аралығында өткізілді жəне жасырынған қылмыскерлерді іздеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру