Жол ережесін бұзушылар анықталды
Отырар ауданының полицейлері бір тәулік ішінде 50-ден астам жол ережесін бұзушыларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы демалыс күндері Түркістан облысы Отырар ауданында Отырар АПБ жеке құрамы «Қауіпсіз аудан» алдын алу жедел іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау, жол қауіпсіздігінің сақталуын бақылау, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету болып табылады.
«Қауіпсіз аудан» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Отырар АПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 53 жол ережесін бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Мысалы, рейдтер барысында патрульдік полиция инспекторлары бір мас жүргізушіні ұстады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Сонымен қатар, «Қауіпсіз аудан» жедел алдын алу шарасы аясында Отырар ауданының полицейлері бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын сақтамаудың екі фактісін анықтады. Тәртіп бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Шешім қабылдау үшін жиналған материалдар Түркістан облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Сонымен қатар, Отырар АПБ ЖПҚ полицейлері тәртіп бұзушыларды жауапқа тартып қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы түсіндіру әңгімесін өткізді, сондай-ақ 60-тан астам жүргізушіге жол қозғалысы ережелері бар брошюралар таратты.