Жануарларға қарсы зорлық-зомбылықты жою мақсатында кездесу өтті
Қарағандыда жануарларға қарсы зорлық-зомбылықты жою мақсатында кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласының Полиция басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен 16 қыркүйекте қаланың орталық демалыс және мәдениет саябағында Қарағанды қаласы маслихатының, қоғамдық белсенділердің, ветеринарлық дәрігерлердің және Қарағанды қаласының ПБ басшылығы және аумақтық полиция бөлімдерінің жергілікті полиция қызметі бөліністерінің бастықтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан кездесу болып өтті.
Аталған кездесудің басты тақырыбы жан-жануарларды үй жағдайында ұстау және олардың қоғамдық орындарда болу ережесін сақтау.
Қаланың демалыс саябағына барлық мүдделі мемлекеттік және қоғамдық өкілдердің жиналғандағы басты мақсаты – қазіргі еліміздегі басты тақырыптардың бірі болған жан-жануарларға қарсы зорлық-зомбылықты жою және аталған мәселеге қоғам назарын аудару.
Кездесу барысында Қарағанды қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Ерлан Ақылбеков өз сөзінде Қарағанды қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі аталған мәселені басты назарда ұстайды. Біз жергілікті тұрғындар арасында жан-жануарларды ұстау және оларға қатысты зорлық қылмыстарын болдырмау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жануарларға қатысты жасалған қандай да бір заңға қайшы келетін әрекет Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
Кездесуге келген Қарағанды қаласының маслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов – Бұл аталған проблемаларды тек мемлекеттік оргардардың қатысуымен ғана шешпей, жалпы қоғамның назарын аударып, бірлескен жұмыстың нәтижесінде ғана айтарлықтай нәтижеге қол жеткіземіз, – деп ойын түйіндеді.
Сонымен қатар, кездесу барысында жан-жануарлар серуендеу кезінде арнайы орындардың болуы, қоғамдық орындарда жануарлар иелерінің қауіпсіздік шараларының, санитарлық және ветеринарлық талаптардың сақталу бойынша бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Кездесу соңында Қарағанды қаласының жан-жануарларды қорғау ұйымының өкілі Н.Уголкова үй жағдайында иттер мен мысықтарды ұстау бойынша жаднамалар дайындап, халықпен тікелей қарым-қатынаста жүрген полиция қызметкерлеріне таратып, алдағы уақытта өзара бірлескен жұмыстың нәтижелі болатынына сенім білдірді.