Мекемеге қаймаққа араластырып, есірткі өткізбек болды
Атырау облысында мекемеге есірткі өткізбек болған 24 жастағы «жеткізуші» ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде сәлем-саухаттарды тексеру барысында қаймақтың ішіне жасырынған өзіне тән иісі бар, жасыл түсті шөп табылды.
– Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде мекемеде ҚР ҚК 99-бабы бойынша ұсталынып отырған 18 жастағы күдіктіге арналған заңсыз сәлемдеме жетпеді. Мекемеге Атырау облысы Полиция Департаментінің Жедел-тергеу тобы шақырылып, күдікті азамат ұсталды, – дейді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.
24 жастағы «жеткізуші» ұсталып, тергеу амалдары жалғасуда.