Көлікті ұрлаған екеуге қатысты іс қозғалды
Теміртау қаласының полицейлері автокөлік айдап әкеткен қос азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қыркүйек күні таңғы 4.30 шамасында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық ПБ 43 жастағы қала тұрғыны хабарласып, көліктің дыбыс шығарғыш құрылғысы ойнағандықтан терезеден қарағанда, белгісіз біреулер ауладан оның көлігін айдап кеткендігі туралы хабарлаған. Оқиға туралы жібірленуші уақыт өткізіп алмай, бірден хабарлағаны қылмысты ашуға септігін тигізді.
Теміртау қаласының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында «ізін суытпай» көлік ұрланған ықшам ауданнан айдап әкеткен автокөлік ұсталды. Көлікте 19 және 28 жастағы қос азамат болған. Екеуі де бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.