Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қол жетімді полиция: ішкі істер органдарының қайта жүктелуі қалай жүретіндігін Алматы қалалық ПД-де хабарлады

Ішкі істер органдарының қайта жүктелуі қалай жүретіндігін Алматы қалалық ПД-де айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы өзінің жолдауында басты рөл учаскелік инспекторға жүктелген “полиция жаяу жүреді” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін біртұтас реформалауды қажет деп тапты.

– Біз бұл бағыттағы жұмыс 2019 жылдың қазан айынан бастап жартылай құрылғанын атап өткіміз келеді. Біріншіден, біз қала әкімінің тікелей қолдауымен 41 модульдік полиция бекеттерін орнаттық, оның төртеуі туристік полицияға арналған, ал 37-і ең қылмыс көп болатын жерлерде орнатылған. Қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік етеді. Жыл басынан бері полицияның модульдік бекеттерінде 5 мың 397 азамат қабылданды, бес қылмыс “ізін суытпай” ашылды, 1 мың 104 әкімшілік іс қозғалды. 3 мың 119 азаматқа заң көмегі мен кеңес берілді. Екіншіден, бізде патрульдік полиция Полкі қызметкерлерінің 30%-ы жаяу патрульдеуде жүр, қаладағы саябақтар мен скверлерде электромобильдермен патрульдер іске қосылды, бұл көшедегі қылмыстың жағдайына оң әсер етеді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикер, сонымен қатар, сегіз айдың қорытындысы бойынша қалада қылмыс барлық бағытта екі есеге азайғанын айтты. Қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтардың саны 2,4 есеге, көшеде 2,8 есеге азайды. Барлық бағыттар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы ашылуы жақсартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру