Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қыз ұрлаған алтындарын сатпақ болған жерінен ұсталды

Қарағандылық полиция қызметкерлері ұрланған алтын бұйымдарды өткізіп жатқан ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 21 жастағы азаматша арызданған. Азаматша өз арызында қалада белгісіз біреумен танысқанын және жаңадан танысқан қыз ақшасының жоқ екенін, автобустан кешігіп қалғанын айтып және барар жері болмағанын айтқандықтан үйіне кіргізгенін көрсеткен. Келесі күні таңертеңгілік уақытта үйіне қонып шыққан қыз үйден кеткенде алтын браслет, алтын алқа және кулонының ұрланғаны туралы арызданған.

Полиция қызметкерлеріне арызданушы бейтаныс қыздың нақты белгілерін сыйпаттап берген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” қаладағы дүкендердің бірінде ұрланған алтын бұйымдарды сату барысында 19 жастағы азаматша қолға түсті. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін беріп, алтын бұйымдар иесіне қайтарылды. Алдын ала тергеу барысында азаматшаның бұрын осындай іспен айналысқаны үшін есепте тұрғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру